389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі жаңа көпірде жол қауіпсіздігі күшейтіледі

  • 181
  • UPD: 21:19, 23.09.2019
Ақтөбедегі жаңа көпірде жол қауіпсіздігі күшейтіледі

Ақтөбедегі жаңа көпірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі.

Халық арасында сынға ұшыраған өткелдің алдына қосымша бағдаршам орнатылмақ. Өйткені қарсы келген ірі көлемді қоғамдық көліктердің бір мезгілде өтуі мұң. Ал сол маңда орналасқан үйлердің тұрғындары жүйткіген көлік апатқа ұшыраса төбемізге құлай ма деп қауіптенеді. Дегенмен бұл жобаның әлі мәресіне жетпегендігін де ескеру қажет. Құрылысшылар алдағы жылы жол торабының екінші өткелін қолданысқа беруі тиіс. Оған дейін көлік нөпірі бағдаршам арқылы басқарылады. Жобаның білікті мамандармен жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткенін алға тартқан шенеуніктер қолайсыздықтар уақытша ғана деп сендірді.

Мәлімбет Ибрашев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі:

– Екі жағына бағдаршам қойсақ, мәселе туындамайды. Көліктер өтіп болғаннан кейін, мысалы оның өзінің уақыты болады, мониторинг жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы