389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлік жүргізушілердің наразылығы: БҚО мен Самара арасындағы кептеліс қашан жойылады

  • 162
  • UPD: 21:58, 23.09.2019

Батыс Қазақстан мен Ресейдің Самара облысы арасындағы жүк көліктерінің кептелісі туралы бұдан бұрын бірнеше рет көрсеткен болатынбыз.

Шекарадағы ұзын-сонар кезектің қарасы бұл жолы 7 шақырымға дейін ұзарыпты. Күре жолдың бойында тәуліктеп тұруға мәжбүр болған көлік жүргізушілері біздің сол өңірдегі тілшілерімізге хабарласқан.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

– Сырым-Шымкент бағытында шекара өткізу бекетінде 200-дей көлік қаңтарылып тұр. Кептелістің себебін білмекке «Сырым» шекара бекетіне біз де жеттік.

БЛИЦ:

– Біз түнгі сағат 23:00 шамасында жеттік. Содан бері жылжу жоқ. Бекеттегі жұмысты жандандыру керек. Міне, сіздер келген соң ғана қозғалыс басталды.

Мәскеуге бағыт алған бұл көліктің иесі мұндай жағдайдың жиі қайталанып жүргенін айтады. Ал Сапар есімді мына азамат екі күн бұрын Шымкенттен шыққан екен. 2 мың шақырым жолды артқа тастаған     

Сапар Қалшораев, жүргізуші:

– Осылай болғанына 1 жылдан асты. Әр көлікті тізгіндеп жазып, уақытты алады.

Жүргізушілердің базынасы салық мамандарына да жақсы таныс. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері аядай бөлмеде тиісті құжатты сканерлеп, мониторинг қызметін жасауға небәрі 2 минут уақыт жұмсайды екен. Жұмысты жеделдетуде планшеттің де көмегі зор. Ал кептелістің туындауына бірнеше себеп бар, дейді мамандар.

Ерболат Ғайнешев, облыстық кірістер департаментінің басқарма басшысы:

– Брінші фактор – бұл жүргізушілер көбіне біздің Батыс Қазақстан арқылы өтіп отыр. Оның себебі жүргізушілерге коммерциялық тиімділігі. Мысалы, Ақтөбе немесе Қостанай арқылы өтетін болса, жүргізушілердің өздерінің қаражаты жұмсалады.

Биыл «Сырым» өткізу бекетін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 2 миллиардтан астам теңге бөлінген. Мамандар түйткілді мәселенің түйіні мына 8 жолақты жол іске қосылған кезде тарқайды,- деген сенімде. Жаңа нысанда жолаушыларға арналған демалыс аймағы салынып, түрлі қызметтік ғимараттар тұрғызу көзделген. Нәтижесінде, екі ел арасындағы тауар тасқыны молайып, шекараны кесіп өтуші азаматтардың уақыты үнемделеді, өңірдің транзиттік әлеуеті артады, - дейді мамандар.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы