389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да балабақша бухгалтері 7 жылға сотталды

  • 182
СҚО-да балабақша бухгалтері 7 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында балабақшаның бас бухгалтері 7 жылға сотталды.

Ол Тайынша қаласындағы мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 2015-2018 жылдар аралығында ақша жымқырған. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің айтуынша, есепші ғимаратты жалға алуға, коммуналдық төлемдерге, тауарлар мен азық-түлікке деп бюджеттен бөлінген қаржыны өз қалтасына басып отырған. Шығын көлемі – 11 жарым млн теңге. Күдікті сотта кінәсін толық мойындаған.

Айгүл Бүкірова, СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі:

– Бас бухгалтер ай сайын өзі мен күйеуіне жалақыдан бөлек қосымша қаржы аударып отырған. Соның салдарынан аталмыш қызметтер орындалмаған.

Хабар 24 телеарнасы