389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы электр жүйелерінің 70%-і тозған

  • 194
  • UPD: 07:48, 24.09.2019
Жамбыл облысындағы электр жүйелерінің 70%-і тозған

Бұл тұрғындарға электр энергиясы тұрақты жеткізілуіне кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, салдарынан өңірде жылына 40 мыңдай киловатт энергия уақытылы берілмейді. Жалпы аймақ тәулігіне 170 мегаватт тұтынады. 10 аудан мен облыс орталығына электр қуатын таратуға Жамбыл электр жүйесі мекемесі жауапты. Оған қарасты 14 мың шақырым әуе желісі мен 3 мыңға тарта трансформаторлық бекеттер бар. Оның жылына 12%-і жаңартылып отырады. Ал, толықтай жаңғырту үшін 25 жылдай уақыт кетеді.

Түймебай Сержанов, Жамбыл электр жүйесі мекемесі бас директорының орынбасары:

- 70%-ті жылда өзіміздің тарапымыздан лабораториялық сынақ жасап, тексеріп, әрі қарай эксплуатация жасап жатырмыз. Ал енді тіптен жарамай қалғандарын біз ауыстырамыз, әрине. Кері әсерін тигізгенде, мысалы барлық эксплуатациядан 5-10%-і жылда бізде апатты жағдайлар болады.

Хабар 24 телеарнасы