389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы 18 мың тұрғыны бар Жаңаарқа кентінде жарық жиі сөнеді

  • 200
  • UPD: 09:26, 24.09.2019
Қарағанды облысындағы 18 мың тұрғыны бар Жаңаарқа кентінде жарық жиі сөнеді

Сегіз жылдан бері жалғасып келе жатқан өзекті мәселені жарық беруші компания түгілі жергілікті әкімшіліктің өзі реттей алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әбден тозығы жеткен электр желілері сәл жел тұрса болды, үзіліп, жұртты әбігерге салады екен. Билік өкілдерінің айтуынша, жарықты тұтынушыларға сататын «Қазэнергоорталық» мекемесі.

Ал электр желілері «Сәкен и компания» деген мекеменің қарамағында. Бірінішісі, тоқтың әр киловатын 12 теңгеден сатып, сымға жауапты екінші мекемеге тек 2 теңгеден береді екен. Бұл желілерді жаңартуға жеткіліксіз. Осыдан соң қарызға белшесінен батқан компанияның жұмысы тұралаған. Оның зардабын халық көруде.

«Тоқ көзі болмағандықтан, кейбір мекемелерден керек құжатыңды алудың өзі мұң болып тұр», - дейді тұрғындар. Бұл жағдай жергілікті аурухананың жұмысын да ақсатқан. Әкімшілік электр желілерін коммуналдық меншікке алу үшін компанияны сотқа берген. Бірақ сот шешімі кәсіпкердің пайдасына шешіліпті. Енді олар екінші рет арыз жазғалы жатыр.

Бақытжан Мұқанов, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары:

- Мына электр желілері және бағаналарда кейінгі 7-8 жылда бірде бір рет жөндеу жұмыстарынан өткен жоқ. Мүлдем иесіз деп те айтуға болады. Сондықтан осы желілерді коммуналдық меншікке алып, Елбасының «100 нақты қадамына» сәйкес біз соны ірі компанияға беруді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы