389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шахан кентіне орталықтандырылған жылыту жүйесі тартылады

  • 142
  • UPD: 09:49, 24.09.2019
Шахан кентіне орталықтандырылған жылыту жүйесі тартылады

Қарағанды облысындағы Шахан кентінде шағын жылу энергия орталығының құрылысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын мұнда қазандық жарылып, 9 адамның өмірін қиған еді. Қайғылы оқиғадан соң жертөледегі қазандықтар жаппай сыртқа шығарылады. Енді елді мекендегі 100 көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандар және 500 жекеменшік үй орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылатын болды. Қазір нысанның іргетасы қаланып жатыр. Әрқайсы 10 гигакалория жылу беретін үш бірдей қазандық қойылмақ. Сондай-ақ құбырлар тартылады. Жоба құны 2 миллиард теңге, екі жылда іске қосу жоспарда.

Думан Аманжолов, құрылыс компаниясының директоры:

- Үш қазандық болады. Оларды Ресейдің Барнауыл қаласынан жеткіземіз. Алдағы айдың ортасында барып, қазандықтарды өзіміз көріп, келісімшартқа отыру жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы