389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда ескірген электр желілері жаңартылып жатыр

  • 172
  • UPD: 10:03, 24.09.2019
Түркістанда ескірген электр желілері жаңартылып жатыр

Түркістан қаласындағы электр желілерінің 25%-і әбден тозған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ескірген электр желілері жаңартылып жатыр. Киелі шаһарда әрқайсысы 10 кВт-тық 10 подстанция бар. Олар қаладағы 35 мың абонентті жарықпен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі күні Түркістан қаласының 98%-і сапалы электр энергиясымен қамтылған. Алайда қала үлкейіп, халқының саны артқан сайын қуат көзіне деген сұранс та арта түскен. Осыған байланысты жекеменшік компания 3 қосалқы подстанция салуды жоспарлап отыр. Қазір оның жобалау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек «Оңтүстік жарық» мекемесі де 210 кВт станция салып бермек. Қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі республикалық бюджет есебінен тағы бір станция салуды жоспарлап отыр. Жалпы бұдан бөлек, шаһарды электр энергиясына деген тәуелділіктен толық арылту үшін қосымша тағы да 7 жоба іске асырылады.

Сейітмұрат Сейілбеков, қалалық ТКШ бөлімінің маманы:

- Биылға сол жобаның төртеуін іске асырамыз. Биыл құрылысы басталып, келесі жылға өтпелі болады. Біздің жаңадан салынған, қоныстанған елді мекендердің барлығын толық қамтамасыз ету мақсатында жасалған жобалар. 6 жоба мен біздің қосалқы подстанциямыз іске асқан жағдайда біз қаланы толық 100% электр қуатынмен қамтамасыз ететін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы