389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде төрт тұрғын үй массиві электр желісімен қамтылады

  • 143
  • UPD: 10:47, 24.09.2019
Ақтөбеде төрт тұрғын үй массиві электр желісімен қамтылады

Ақтөбенің төрт бірдей тұрғын үйлер массивіне электр желілері тартылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл соңғы жылдары жеке баспаналар салу үшін жер телімдері берілген аумақтар. Атап айтқанда, «Бауырластар - 1», «Бауырластар-3», «Думан» және «Жаңақоныс-2» ауылдарын жарықпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл үш елді мекендегі жобаны толық іске асыру көзгелген. Ал, енді бірі келдер жылы аяқталады. Әрқайсысының құны 200 млн теңгенің шамасында. Қазірдің өзінде бағаналар орнатылып, электр сымдары тартылған. Бұдан бөлек, 20 тұрғын үй массивіне инженерлік инфрақұрылым қажет дейді мамандар. Бұл мәселеге орай қажетті жобалар түзілген. Енді қаржыландыруды күтіп тұр.

Болат Серіков, қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Ақтөбе қаласында жер телімдері көптеп бөлініп жатыр. Сондықтан біз жаңа бөлініп жатқан тұрғын массивтеріне жоспар бойынша осылай желілермен қамтып жатырмыз. Ол жалғыз электр желісімен қамту емес, қазіргі уақытта газ, су желілерімен қамту да жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы