389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді

  • 185
  • UPD: 11:27, 24.09.2019
Жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді

Кеше №91 Қызылорда – Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Тараз – Шу жол телімінде нәресте дүниеге келді.

6 вагонда келе жатқан Гүлнүр Жолдас жол үстінде толғатып, пойыз бригадасы пойыздың ішіндегі радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігерді іздеді. Абырой болғанда, сол құрамда білікті акушер мамандары, атап айтқанда, Шолпан Ембаева, Дәркен Байқошқарова, Ботагөз Көшербаеваның сапар шегіп бара жатқаны анықталды. Бірден 6-вагонға келген олар жолсеріктердің көмегімен жүкті әйелді босандырып алды. Шу стансасына жеткенде оларды жедел жәрдем көлігі күтіп алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді.

Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар мен пойыз бастығы Меруерт Қорабаевға алғысын білдіреді. Дүниеге келген нәрестеге анасы Меруерт деген есім берді.

Айта кетсек, компанияға қарасты барша жолсеріктер әр уақытта алғашқы медициналық және штаттан тыс жағдай кезінде көмек көрсету оқу-тренингтерінен өтеді.

Өткен жылы жол үстінде 10 бала дүниеге келген.

Ұлттық тасымалдаушы ана мен балаға зор денсаулық тілейді.

Ақпарат көзі: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы

Хабар 24 телеарнасы