389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандықтар жөнделген көлік жолдарының сапасына наразы

  • 163
  • UPD: 15:44, 24.09.2019

Өйткені жаңартылған тас жолдардағы кей учаскелер бір жыл уақыт өтпей, қайта жарамсыз күйге түсуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен былтыр қалпына келтірілген «Ташкентка-Барнёвка-Долматова» бағытында жолда осындай көрініс. Қазір өңірде тұрғындардың шағымына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары арнайы тексеріс басталды.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Бұл – «Ташкентка- Барнёвка-Долматова» ауылдарын байланыстыратын тас жол. Қазір мұнда жұмыс қызған. Яғни, жауапты мамандар, жер-жерден сынама алуда.

Еркен Әбілмәжінов, «Ұлттық жол активтері және сапа орталығы» рмк сқо бойынша қызметкері:

Мына асфальтты арнайы зертханада тексеретін боламыз. Яғни, беріктігі, су өткізгізеді ме жоқ па? Осының барлығын қарайтын боламыз. Егер қандай да бір олқылық табылса, хаттама толтырылады.

Аталған жолға былтыр ғана орташа жөндеу жүргізілді. 13 шақырымға шамамен республикалық бюджеттен 408 миллион теңге қаржы жұмсалған. Дегенменде «Сапасы сын көтермейді», - дейді тұрғындар. Өйткені бірнеше учаске опырылып қалған.

Хабиболла Дәуренбеков, жүргізуші:

1 жылға жетпеді, қирап жатыр. Арғы жақта жаңа істеген жол, биыл істеген жол да қирап жатыр. Баяғы қатты жабын болды ғой, соның үстіндегі асфальтты қопарып-қопарып, оны үстіне жайып, оны былай жолдың жиегіне жайды.

Тұрғындардың арызынан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары тексеріс ашты.

Дамир Хабибуллин, облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Анықталған кемшіліктерге байланысты акт толтырылды. Енді бұл учаскелер қайта қалпына кетірген соң сәтін салса, келер аптада арнайы монитроинг мүшелері қайтадан тексереді.

Жол екі жыл кепілдікте. Сондықтан мердігер компания осы аралықта олқылықтың орнын толтыруға міндетті.

Степан Носов, мердігер мекеменің директоры:

Топырақ ісінгіш келді. Оны жұмыс барысында анықтау мүмкін емес. Ол уақыт өте келе сыр бере бастайды. Сондықтан мұндай жәйттар жиі орын алып тұрады.

Биыл өңірде 700 шақырымнан астам жол жөнделеді. Ал бөлінген 37 миллирд теңге тиімді жұмсалды ма? Оны арнайы рейд барысында сала мамандары анықтайды.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы