389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Жемқор болма – шыңдарды бағындыр!» шарасы жалғасып жатыр

  • 58
  • UPD: 15:19, 24.09.2019
Алматы облысында «Жемқор болма – шыңдарды бағындыр!» шарасы жалғасып жатыр

Жетісу жеріндегі мемлекеттік қызметкерлер мен жастар өкілдерінен құралған 50 шақты адам бұл жолы Үлкен Алматы шыңына шығып қайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар осылайша, еліміздің өзге өңірлерінде тұрып жатқан замандастары мен барша мемлекеттік қызметкерлерге теңіз деңгейінен 3684 метр биіктіктен челлендж жолдады. Алматы облысында 2 миллионнан астам тұрғын болса, соның 7 мыңы мемлекеттік қызметкер. Ал мемлекеттік қызметте жүргендердің тең жартысы жастар.

« Сондықтан мұндай челлендждерді жиі ұйымдастырып, жас мамандарды қоғамның жегі құртына айналған жемқорлықтан бойларын алшақ ұстауға баулуымыз керек», - дейді ұйымдастырушылар.

Данияр Тұрғанбаев, СЖҚІҚ бюросы облыстық департаментінің басшысы:

- Әсіресе, біздің жастар мемлекеттік қызметкерлерге челлендж көрсетіп жатырмыз. Осындай биікті алыңдар, таза болыңдар!

Бауыржан Сейітов, жас маман:

- Қандай қиындықтар туындаса да, адал, өз еңбегімен бүгінгі шыңдарға көтерілгендей, солай талпынамын. Мұны тек қана облысымызда емес, бүкіл республикаға жариялау қажет деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы