389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда ерекше балаларға инклюзивті класс пен оңалту орталығы ашылады

  • 242
  • UPD: 18:12, 24.09.2019
Атырауда ерекше балаларға инклюзивті класс пен оңалту орталығы ашылады

Атырауда ерекше балаларға арналған инклюзивті класс пен оңалту орталығы ашылады. Бірегей бастама Тұңғыш Президент - Елбасы қорының «Қамқорлық» жобасы аясында жүзеге асқан.

Өңірдегі 3 мың 448 мүмкіндігі шектеулі жанның 80 пайызы арнайы оңалту орталығының көмегіне мұқтаж. Ал 6 мыңға жуық ерекше күтімді қажет ететін балалардың 22 проценті ғана инклюзивті біліммен қамтылған. Қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде сұраныс пен қажеттілік өз деңгейінде орындалады дейді қор өкілдері.  Балалар ауруханасынан ашылатын реабилитациялық орталық пен мектептегі инклюзивті сыныпты арнайы мамандармен қамтуға және толық жабдықталған қондырғылар үшін 122 млн теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

Айта кетейік, мыңдаған баланың өзге қатарластары секілді мектепке әрі ауруханаға баруына жол ашатын бұл жоба бастапқы кезеңде еліміздің 8 аймағында жүзеге асырылмақ. Бүгінге дейін Атырау облысында мұндай қызмет көрсететін мемлекеттік бейімдеу орталығы немесе  инклюзивті сынып болған емес.

Динара Закиева, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Ай сайын 60 баладан жылына 600 бүлдіршін тегін оқытылады. Оларға арнайы оқытылған мұғалім, тәлімгерлер қызмет көрсетеді. Сонымен қатар бейімдеу орталығы мен инклюзивті сыныптарда халықаралық талаптарға сай әдістемелер қолданылып, соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталады.Оған қоса қазір үйде оқылыатын 412 балада осы сыныптан білім алады. Аталған нысандар алдағы 2-3 айда іске қосылады.

Хабар 24 телеарнасы