389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал ауданында 15 млн жуық шабақ су айдынына жіберілді

  • 195
  • UPD: 23:58, 24.09.2019

Қамыстыбас тұқымбағы 15 миллионға жуық шабақты су айдындарына жіберді. Сөйтіп, ала жаздай күтіммен өсірілген балықтар Арал теңізі мен көлдер жүйесінің экоқорын молайтып жатыр.

Соңғы жылдары «Қамыстыбас» тұқымбағының қуаттылығы 5 есе артып, өсірілетін балық түрлері де көбейген. Арал ауданындағы Қосжар мен Тастақ ауылдары тұсындағы иірімді арнада 224 гектарлық 34 су тоғаны бар. Теңіздің ихтиофаунасы жақсарған соң «Қамыстыбас» тұқымбағы ақ амур, дөңмаңдай және тұқыдан бөлек бекіре тұқымдас қаяз бен пілмай балықтарын өсіре бастаған. Осыдан он шақты жыл бұрын Арал теңізінің тұз татыған суына қамбала ғана шыдас беретін. Ал қазір ашық айдыннан су маржанының жиырма шақты түрі ауланады. 

Нұрқабыл Құланов, «Қамыстыбас» мемлекеттік балық өсіру тұқымбағының директоры:

- Мемлекет тарапынан 270 млн тг бөлініп, соған байланысты 14 млн 800 мың 1-жаздық шабақтар, 420 мың 2-жаздық шабақтар су айдындарына жіберу тапсырмасы бар. Сол тапсырманы орындауды бастап жатырмыз. Балықтың орташа салмағы 20 гр жету керек. Бұл мамыр айында басталған өзіміздің қыстай сақтаған аталық, аналық балықтардан алынған уылдырықтан бастап өсірдік.

Хабар 24 телеарнасы