389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы IT форумда жастарды отандық еңбек нарығына тарту қаралды

  • 187
  • UPD: 19:42, 24.09.2019
Қарағанды облысындағы IT форумда жастарды отандық еңбек нарығына тарту қаралды

Елімізде IT саласының мамандарына қолайлы жағдай жасап, олардың басын қосатын орталық құру қажет.

Бұл білімді жастардың шетелдік компаниялардан жұмыс іздеуін тежейді. Қарағандыда өтіп жатқан екінші халықаралық IT форумға жиналған сарапшылар осылай дейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара ІТ саласындағы түйткілдерді талқылап, тың жобаларды таңдауды көздейді. Бұл ретте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін, танымдық семинарлар, воркшоптар мен цифрлық технологиялар көрмесін өткізу көзделген. Қатысушылар бас-аяғы 4 күннің ішінде қоғамға пайдалы қандай да бір бағдарлама немесе мобильді қосымша ойлап табуы тиіс. Үздіктері өндіріске енеді. 

Бағдат Мусин, кәсіпкер, іт сарапшысы:

- Дүниежүзілік компаниялар фриланс орталықтарға, сайттарға өздерінің тапсырмаларын қойып қояды. Сол тапсырмаларды орындап, ІТ маман осында Қарағандыдан кетпей, анау американдық компанияларға жұмыс істей алады. Сондай бір орталық құрсақ деген ой беріп жатырмыз. Ол қазір жалпы Қазақстанда жоқ.

Хабар 24 телеарнасы