389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда кәсіпқой суретшілердің симпозиумы өтіп жатыр

  • 173
  • UPD: 21:23, 24.09.2019

Сұлулық әлемді құтқарады. Талдықорғанда осындай атаумен кәсіпқой суретшілердің халықаралық симпозиумы өтіп жатыр.

Түркия, Тәжікстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Ресейден келген меймандар мен отандық суретшілер «Ұлттық бірегейлікті сақтау: Ұлттық код. Ұлттық мәдениет» тақырыбындағы өз ойларын ортаға салды. Мақсат – тәуелсіз еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық өнері мен төл мәдениетін насихаттау. Шетелдік суретшілермен тәжірибе алмасу арқылы бейнелеу өнерін дамытуға дем беру. Халықаралық симпозиумға 30 шақты суретші келген.Олар Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына орай ақынның туған жерінде болып, Жетісу өңірінің әсем табиғатын тамашалап қайтты.  Әрқайсысы осы шара аясында 4-5 картинадан салады. Кейін оны Алматы облысының музейлеріне тарту етеді.

Өсербай Шуранов,  «Павлодар облыстық суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Бұдан тек өнер ұтады, халық ұтады. Алыс-жақыннан келген, Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан сияқты толып жатқан мемлекеттерден келген суретшілердің, халық суретшілері бар оның ішінде әйгілі, солардың қолтаңбалары сіздердің музейлеріңізде қалады. Бұл мәңгілікке сақталып қалатын дүниелер. Сондықтан өнер әр уақытта халыққа, болашақ жастарға керек. Бұл тарих.

Хабар 24 телеарнасы