389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста жараланған әскерилердің жағдайы белгілі болды

  • 192
  • UPD: 22:42, 24.09.2019
Арыста жараланған әскерилердің жағдайы белгілі болды

Арыста зардап шеккен әскери қызметшілерді Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырды. Бұл туралы хирургиялық жұмыс бойынша әскери медициналық мекемінің басшысы, медициналық қызметтің полковнигі Омаров Ғалымжан мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олардың барлығы әскери госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырылды. Оқиғадан кейін әскери қызметшілер әскери авиацианың медициналық мекемесіне жедел түрде жеткізілді. Ол өз кезегінде уақтылы қажетті медициналық көмекті көрсетуге, сондай-ақ тез арада оңалуға жағдай жасады.

21 қыркүйекте төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқдəрі фрагментінің өздігінен жарылысы орын алғанын естеріңізге сала кетейік. Нәтижесінде келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарықшақтан жараланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы