388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда халықаралық жастар форумы өтіп жатыр

  • 201
Оралда халықаралық жастар форумы өтіп жатыр

Оралда «Достықта шекара жоқ. Жастар. Диалог. Мәдениет» атты халықаралық форум өтіп жатыр.

Оған Ресейдің Самара, Саратов, Астрахань, Орынбор және Волгоград секілді шекаралас облыстарының және еліміздің жастар ұйымдарының белсенді өкілдері қатысуда. Шара халықаралық деңгейде өңіраралық жастар ынтымақтастығын нығайтып, жастар саясатына қатысты үздік жобаларды іріктеуді көздейді. Сосын кәсіпкерлік, мәдениет және әлеуметтік саладағы озық тәжірибелермен танысуға мүмкіндік береді.

Аян Сақошев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

-  Форумның нәтижесі ретінде осы екі елдің өңірлері арасында өзара ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында бізде екіжақты келісімшарттарға қол қойылады. Бұл жерде тек ғана келісім-шарт емес, нақты жобаларды бірлесе асыру бойынша бізде келісім бар. Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамыту  бойынша нақты осы біздің және ресей жастарының бірлесіп атқарар жобалары бар. Соларды біз нақты қағаз бетінде бекітіп жақын арада жүзеге асыруды бастайтын боламыз. 

Даниил Дупанов, Орынбор облыстық жастар делегациясының өкілі (РФ):

- Форум барысында екі ел жастары өз жобаларын жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды. Жастар саясаты мәселелері бойыннша  қос елге ортақ проблемалар баршылық. Біз де осы салада пайдаға асарлық жобаларымызды ала келдік. Сондықтан, ынтымақтастық аясындағы шара екі ел жастарына да тиімді деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы