389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда электронды карталарды қолданбайтын тұрғындар үшін жол ақысы қымбаттайды

  • 188
  • UPD: 08:04, 25.09.2019

Атырауда қазан айының 1 нен бастап электронды карталарды қолданбайтын тұрғындар үшін жол ақысы 150 теңгеге көтеріледі.

Ал жол ақысын электронды түрде төлеуші жолаушылар үшін бұрынғыдай 80 теңге күйінде қалады. Бұл – «Смарт-Атырау» жобасының талабы. Өйткені заман талабы осы болғанымен, электронды ақы төлеу жүйесін тұрақты түрде қолданысқа енгізу қиынға соғып тұр. Мұның соңы күнделікті жолаушы санын да, қоғамдық көлік тасымалымен айналысатын компаниялардың кірісінің ашықтығын анықтауға да мүмкіндік бермейді.

Жазғы демалыс маусымы аяқталып, қыркүйек айынан бері қоғамдық көліктер қызметіне сұраныс артты. Бірақ электронды есеп айырысу жүйесі жұртшылықтың жүйкесіне тие бастады. Валидаторлар қайта-қайта істен шығып қала береді немесе жолаушылар сатып алатын электронды карта билет тексерушіде мүлде болмай шығады. 

Электронды билет жүйесі облыс орталығындағы барлық қоғамдық көліктерге енгізілген. Өзіндік ерекшеліктері де бар. Егер жолаушының электронды картасы бола тұра техникалық ақаудың кесірінен ақы төлей алмаса, онда тегін жүруге құқылы. Бірақ мұны жұрттың бәрі біле бермейді және кондукторларда ондай мүмкіндікті жария етуге құлықсыз.

Юлия Гулевская, Атырау қаласының тұрғыны:

– Мен екінші топтағы мүгедекпін, сонда да 80 теңге төлеп жүрмін. Ертең картасы жоқ адамдарға жол ақысы 150 болған кезде қайтемін. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған карта да берген жоқ. 

Қоғамдық тасымалымен айналысушы компания өкілдерінің айтуынша, техникалық ақаудан бөлек тәртіптің бұзылуына адами пендешілік те әсер етіп отыр. Көп жағдайда автобус жүргізушісі мен билет тексерушілер өзара уағдаласып, электронды құрылғыны әдейі өшіріп тастайды екен.    

Әділбек Тәңкиев, «Смарт-Атырау» МКК басшысы:

– Жыл басында күніне осындай ондаған деректі анықтайтынбыз. Қазір тәулігіне 5-7 оқиға кездеседі. 100-ге тарта адам заңға сәйкес жазаға тартылды. Олардың орнынан басқа мамандарды алуға мәжбүр болып отырмыз. 

«Смарт-Атырау» жобасы бойынша оқушы, студент, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер қарастырылған. Бірақ іс жүзінде кемшіліктер көп. Электронды жүйені толыққанды енгізуі және төлем карталарын барлық жолаушыға қолжетімді ету мәселесі жуырда нақыт шешімін табады деген уәде берді жауапты мекеме өкілдері.  

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы

Хабар 24 телеарнасы