389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ кіші комиссиясының 54-отырысында есірткімен күресте қазақстандық жобаның тиімділігі сөз болды

  • 199
  • UPD: 09:17, 25.09.2019
БҰҰ кіші комиссиясының 54-отырысында есірткімен күресте қазақстандық жобаның тиімділігі сөз болды

Есірткімен күресте қазақстандық жоба тиімді.

Өйткені заңнама халықаралық талапқа сай және оған тұтастай құрылым біріктірілген. Бұл туралы Ташкентте өткен Таяу және Орта шығыстағы есірткі саудасымен күрес жөніндегі БҰҰ кіші комиссиясының 54-отырысында айтылды. Іс-шарада әлем жұртшылығын алаңдатып отырған Ауған апиыны мен синтетикалық және психотропты заттардың жолын кесу жайы талқыланды. Сарапшылардың келтірген мәліметіне жүгінсек, соңғы жылдары есірткі мен психитропты заттардың түрі жүзге жуықтаған. Тіпті сананы улайтын заттың сұйық сусынды шырын түрі де шығарыла бастапты. Оған қоса естіркіге тәуелді болып қалған азаматтардың қарасы да артпаса кемімей отыр екен. Орталық Азия халқының 50 пайызын жастар құрайды. Сондықтан өскелең ұрпақтың арасындағы үгіт-насихат жұмыстарын күшейту қерек, дейді сарапшылар. Жиында жаһандық проблеманы шешуде қазақстандық әдіске көбірек назар аудару керектігі айтылды.

Тілеген Маткенов, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

- Қазақстандық әдісті өзге елдер де қолдана бастады. Жуырда Бішкенте өткен КАДАП-тың жиынында біз барлық ұсыныстарымызды айттық. Сондықтан осы жобалар бойынша бірлікте еңбек етуіміз қажетдеп ойлаймын.

Тофик Муршудлу, БҰҰ ББ ұйымдасқан қылмыс және заңсыз айналыммен күрес бөлімінің басшысы:

- Проблемаларды жасыратын түгі жоқ. Бізде аймақаралық ынтымақтастық, халықаралық байланыс, жедел ақпарат алмасуда ақсап жатқан тұстарымыз өте көп. Өзара көмек жағы да бар. Біз жұмыс тобында осындай сұрақтарды жан-жақты және ашық талқылаймыз.

Хабар 24 телеарнасы