389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар жасыл технологияларды қаншалықты жиі пайдаланады

  • 178
  • UPD: 13:25, 25.09.2019

Қазақстандықтар пайдаланатын қуаттың 2% баламалы энергия көзіне тиесілі.

2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 10% жеткізу көзделіп отыр. Ал тұрғындар қаладағы жасыл технологияларды қаншалықты жиі пайдаланады?

Бүгінгі таңда Қазақстанда баламалы энергетика бойынша 80-ге жуық жоба жүзеге асқан. Күн мен желден қуат алатын алып электрстанциялармен қатар, шаһарларда түрлі кішігірім құрылғылар да орнатылған. Wi-fi таратып, телефон қуаттауға мүмкіндік беретін жасыл технологияларды тұрғындар қаншалықты жиі пайдаланады?

БЛИЦ:

Саябақтардың ішінде тұр екен, қосып көрдім, бірақ істемейді. Мен қосқандардың барлығы істеген жоқ. 

Көп жерлерде олар орнатылмаған. Біз жүретін жерлерде.

Әдетте біз қолданатын электр тоғы. Көмірден алынатын. Ал баламалы энергияны мен көрмедім.

Күннен энергия алатын орындықтарды бір-екі рет көрдім, бірақ қолданбаймын.

«Жасыл энергетиканы қарқынды дамытып, бірден баламалы энергия көзіне көшуге болмайды», – дейді мамандар. Себебі Қазақстан – әлемдегі электр энергиясы ең арзан мемлекеттердің бірі. Ал жасыл технологиялар әзірге үлкен шығынды талап етеді. Баламалы энергияға деген тарифтер де қымбат. 

Нұрлан Қапенов, Қазақстан күн электр станциясы қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы:

– Сіз қазір электр қуатының бір килловатына 15 теңге төлейсіз. Егер кез келген қазақстандықтан жасыл технологияларды орнатып, баламалы энергия көздерін пайдаланайық, бірақ сіз айына 5 мың емес, 7 мың теңге төлейсіз десек, олар келіспейді. Бұл қондырғылар экологиялық жағынан тиімді болғанымен, сәл қымбаттау. Ал халық артық ақша төлеуге дайын емес.

Рамазан Жанпейісов, халықаралық жасыл технологиялар және инвестицилық жобалар орталығының басқарма төрағасы:

– Жасыл энергетикаға көшу жоспары жақсы әрине. Бірақ бізде дәстүрлі қуат көздері бар. Ұлттық энергетика жүйесі бар. Сондықтан баламалы энергия көздерінің интеграциясына үлкен мән беру керек. Бұл бағытты жақсылап зерттеу қажет.

Жасыл экономиканың дамуын тежеп тұрған тағы бір мәселе – арнайы кадрлардың жетіспеуі. Елімізде бұл саланың қыр сырын үйрететін мамандар жоқтың қасы. Сондықтан ЖОО-да баламалы энергия көздері бойынша инженер мамандығын енгізу керек дейді, сарапшылар.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Ерзат Зайытхан, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы