389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шуда су электр станциясы салынып жатыр

  • 169
  • UPD: 11:46, 25.09.2019

Жамбыл облысы Шу ауданында тағы бір су электр станциясы салынып жатыр.

Жобаның қуаты - 9,2 мегаВатт. Оны жүзеге асыруға инвесторлар тартылып отыр. Қазір құрылыс жұмыстарының 30 проценті аяқталды.

Гидроэлектр станциясы Тасөткел су қоймасында салынып жатыр. Бұл – 2013 жылы іске қосылған жобаның екінші кезеңі. Бұған инвесторлар 1,5 миллиард теңге жұмсамақ.

Ага Агаев, жоба менеджері:

– Алғаш салынған станция тұрақты жұмыс істеп тұр. 5 жылда өз құнын ақтады. Қазір пайдасын көріп отырмыз. Енді екіншісі іске қосылса қуаты 18 мегаватқа жетеді. Бұл шамамен бүтін бір ауданды электр энергиямен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Қазір құрылыс жұмыстары қарқын алған. Ірге тасы бетоннан құйылып, жоғары қысымдағы су мөлшеріне шыдас беретін 7 метрлік қабырға тұрғызылып қойды. Мұнда Қытайдан әкелінген заманауи қондырғылар орнатылмақ. 100 процент автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді.  Станцияны жыл соңына дейін іске қосу жоспарда.

Муслим Искаков, учаске басшысы:

– Ең күрделі жұмыстар аяқталды. Қазір су қоймасынан түскен суды өзенге бағыттайтын арна салып жатырмыз. Енді нысанға қажетті қондырғыларды шетелден күтіп отырмыз. Бір аптадан кейін жеткізілуі тиіс. Инженерлік-монтаждау жұмыстары жуырда басталады.

Нұрлан Жақсыбаев, Шу ауданы әкімінің орынбасары:

– Үшінші кезең гидроэлектр станциясы деп отырмыз.Оған қазіргі уақытта жер 4,6 гектар бөлінді. Екінші кезеңді біткеннен кейін үшінші кезеңді бастайтын болады. Ол да 9,2 мегаватт береді. 15 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Жалпы Жамбыл облысында баламалы энергия көздерінен қуат өндіретін 10 станция тұрақты жұмыс істеп тұр. 2023 жылға дейін тағы 25 жоба жүзеге асырылмақ.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы