389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда жаңадан салынған уақытша ұстау изоляторы пайдалануға берілді

  • 193
Қостанайда жаңадан салынған уақытша ұстау изоляторы пайдалануға берілді

Абақты құрылысы барысында құқық қорғау ұйымдарының барлық талабы ескерілген.

Яғни демалыс, жуынатын бөлмесі, серуен алаңы, спортпен айналысатын орын халықаралық стандартқа сай жабдықталған. Тіпті мүгедектерге арналған арнайы камера, жеделсаты да бар. Осыған дейін қостанайлық тәртіп сақшылары уақытша қамауға алынғандарды Рудныйдағы изоляторға тасып, әуре болатын. Бұл адам құқығын бұзу деп біледі мамандар. Және ондағы жағдай да құқық қорғаушылардың сынына ұшырап жататын.

Бекет Аймағамбетов, облыстық ІІД басшысы:

– Біріншіден мұндағы адамдар күдіктілер арасында жазықсыз ұсталғандары да болуы мүмкін.Сондықтан уақытша қамалғандарға тар қапастың тірлігін кештірмей, қолдан келгенше жағдай жасауға тырыстық.

Игорь Колов, қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы:

– Менің білуімше, мұндай уақытша ұстау изоляторы Қазақстанда жоқ. Тіпті Еуропа елдерінің өзінде сирек.15 адамға есептелген абақты адам құқықтарын сақтау талаптарына толық жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы