389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқашта сазан сиреп, жыланбалық көбейіп кеткен

  • 193
Балқашта сазан сиреп, жыланбалық көбейіп кеткен

Балқаш көлінде көксерке, сазан сиреп, жыланбалық көбейіп барады.

Балқаш ауданы Құйған ауылындағы балықшылар осылай деп отыр.

Виктор Мытырко әр күнін қамыстың түбіне құрған торын тексеруден бастайды. Кәнігі балықшы бүгін де сөйтті. Ауланғаны – тек жыланбалық. Ал жалғыз жайын кішкентай болғандықтан, қайтадан суға жіберілді.

Виктор Мытырко, балықшы:

– Сазан азайып барады. Оны аулайтындар көп. Өсіп, үлгермей жатыр. Ал жыланбалық жылдам өседі.

Ауылдық округте су маржанын сүзетін 4 серіктестік бар. Олар жылына 3 мың тонна балық аулайды. Өнімді отандық нарыққа шығарып, Ресейге жөнелтеді. Мұндағы мамандар да судағы кейбір тіршілік иелерінің сиреп бара жатқанын айтып отыр.  

Сейітжан Сатанов, балық шаруашылығының бас инженері:

– Ең алғаш 2008 жылы көрдім. Көбейіп кетті. Сазан, көксерке азайып бара жатыр.

Балық шаруашылығымен айналысатындар жыл сайын көлге майшабақ жібереді. Мұндай жұмыс ауланған балықтардың орнын толтыруға аз да болса, оң әсерін тигізіп отыр.

Қадырхан Ахметов, Құйған ауылдық округінің әкімі:

– Көбінесе Шелектен, Тоған шаруашылығынан майда шабақтарды жіберіп жатыр. Жылда 1 млн-ға дейін. Қазір 4,5-5 келілік амурлар шығып жатыр.

Мәселені түпкілікті шешу үшін аймақта балық өсіру ісін жолға қою керек. Әрі полиэтиленнен жасалған ау құратындарға тоқтау салу қажет. Сонда ғана Балқаштың балығы тайдай тулайтын болады.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы