389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда АӘК алып келген қала тұрғыны жұмысқа орналасты

  • 174
Ақтауда АӘК алып келген қала тұрғыны жұмысқа орналасты

Бұрын мемлекеттен қаржылай қолдау алып келген ақтаулық азамат Сағындық Оразбаев қазір жол битумын шығаратын зауытта жұмыс істейді.

5-разрядты слесарь – бес баланың әкесі. Жұбайы алтыншы перзентін күтіп отыр. Отағасының қызмет өтілі жиырма жылдан асқан. 90-жылдары қысқартуға ұшыраған соң түрлі жұмысты уақытша атқарады. Атаулы әлеуметтік көмек алғанға дейін жұмыссыз болған. Қалалық жұмыс қамту орталығының жолдамасымен былтыр қала сыртындағы ірі кәсіпорынға орналасты. Айына 200 жүз мың теңге жалақы алады. Отағасы өндіріске кіргелі көп балалы жанұяның тұрмыстық жағдайы тез түзелген. 

Сағындық Оразбаев, зауыт жұмысшысы:

– 3-4 жылдай жұмыссыз жүрдім. Кейін Үкіметтің бағдарламасы бойынша Ақтау қалалық әлеуметтік бөлімінде болдым. Солар арқылы 2018 жылы зауытқа жұмысқа кіргенмін. Осыдан бері жағдайым жақсы. Жалақысы уақытылы. Әлеуметтік көмек беріліп тұрды. Ұжым ұйымшыл. Кәсіподақ та бар. Алдағы уақытта да осы жерде жұмыс жасаймын деп ойлаймын.

Атымтай Балтабаев, зауыттың атқарушы директоры:

– Кәсіпорынның негізгі активі – жұмысшылар. Ұжымда 214 адам еңбек етеді. Олардың арасында көп балалы отбасы бағып отырған азаматтар да бар. Зауыт қызметкерлерінің өз қызметін атқаруына барлық жағдай жасалған. Мамандардың тамақтануы мен қызметтік көлікпен өндіріске жетуін де жұмыс беруші тарап көтереді. Әр кез сауалнама жүргізу арқылы жағдайды одан әрі жақсартуға жұмыстанып келеміз.

Хабар 24 телеарнасы