389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызметкерлерге жалдамалы пәтер беру ұсынылды

  • 420
  • UPD: 13:59, 25.09.2019
Мемлекеттік қызметкерлерге жалдамалы пәтер беру ұсынылды krisha.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елордадағы мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне тұрғын үй қорынан жалға пәтерлер беруді ұсынды.

Бұл пәтерлер өздерінің үйлерін алуға кезектері келгенше берілетін болады, деп хабарлады krisha.kz.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы беделін арттыруды да көздеп отыр.

Жалға пәтер алу туралы заң жобасының тұжырымдамасы 8 қазанға дейін жарияланады.

Бұған дейін жастарға арналған баспананы алу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет екендігі жарияланған болатын.

Сондай-ақ, министрлік тұрақты тіркеуге тұру мәселелерін де қозғады.

Министрліктің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы Оңтүстік-шығыс ауданындағы үйлердің бірінде 1700 адам тіркелген. Биыл қаладағы көші-қон қызметі мен полиция қызметкерлері осындай пәтерлерден 20 478 адамды тіркеуден шығарып, 43 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Хабар 24 телеарнасы