389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда №4 аурухананың екі дәрігері қамауға алынды

  • 338
Алматыда №4 аурухананың екі дәрігері қамауға алынды

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері мен тағы бір дәрігер қамауға алынды.

Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 қыркүйекте Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен дәрігер Асқар Тұңғышбаев ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалды. 22 қыркүйекте №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев та ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалды», – деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы