389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында еңбек ететін шетелдік инвестор тақырға отыра жаздады

  • 185
Ақтөбе облысында еңбек ететін шетелдік инвестор тақырға отыра жаздады

Жылыжайда қызанақ өсірумен шұғылданатын кәсіпкерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары көмекке келген.

Өңірде кәсіп ашып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін жүз мың еуро көлемінде қаржы жұмсаған. Тиісті құрал-жабдықтарды жеткізу кезінде мемлекеттік кіріс комитетінің кеден органдары жоспардан тыс тексеру ұйымдастырып, қосымша 350 миллион теңге көлемінде баж салығын өтеуді талап етеді. Кәсіпкердің айтуынша, бұл соманың қайдан пайда болғанын ешкім нақты түсіндірмеген. Шамамен 1 миллион доллар көлеміндегі төлем бизнесті түбегейлі тоқтатып, жүздеген адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін еді. Мәселеге ҚР Қаржы министрлігінің аппеляциялық комиссиясы араласып, оң шешімін тапты.

Дирк Алевен, жылыжай кешенінің бас директоры:

- Кедендік тіркеу кезінде құрал-саймандарға бір құжат толтырылған болатын. Қосалқы бөлшектердің негізгі бөлігі Нидерланды елінен келгенімен, жылыжайға орнатылатын терезелер Қытайдан жеткізілді. Сондықтан мемлекеттік кірістер департаменті екі декларация толтыру қажет деп түзетулер енгізді. Жеткізілген заттардың бір жылыжай кешеніне екендігін түсіндіріп, анықтау үшін біраз уақыт жоғалттық. Дегенмен мәселенің оң шешілгеніне қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы