389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Әлем кейбір алпауыт елдер арасындағы суық қатынасқа алаңдаулы

  • 159
  • UPD: 15:29, 25.09.2019

Бүкіл әлем кейбір алпауыт елдер арасындағы қырғи-қабақ, суық қатынасқа алаңдаулы.

Өйткені ірі мемлекеттер кез келген түсініктегі соғыс алдында тұрғаны белгілі. Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлем жұртшылығы мен саясаткерлерді бейбітшілікке шақыруы және Қазақстан үлгісі негізінде ядролық қарудан бас тарту жөніндегі үндеуі аса өзекті. Біріккен Ұлттар Ұйымындағылар да бұл бастамаға ерекше мән бергені сондықтан, дейді саясаттанушы Марат Башимов. Сондай-ақ келер жылы еліміздің Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалық етуі де – жақсылықтың нышаны, дейді сарапшы.

Марат Башимов, Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры:

– БҰҰ Бас Ассамблеясындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі маңызды мәселелерге арналған. Кейбір елдер соғыс алдында тұр. Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан бірінші мемлекет. Сондықтан Қазақстан өзгелерге бейбітшіліктің үлгісі ретінде танылды.

Хабар 24 телеарнасы