389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Қазақстан ұсынысы БҰҰ мінберінен бүкіл әлемге тарады

  • 163
  • UPD: 14:24, 25.09.2019

Қазақстан ғаламдық саясатта, халықаралық қатынаста өзіндік орны бар мемлекетке айналды.

Біздің елдің ядролық қарусыздануға қатысты ұстанымы мен тәжірибесі – әлемге үлгі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясының жалпы дебатында жаһандық қауіпсіздік пен интеграция мәселесін көтергені осыған дәлел. «БҰҰ мінберінен айтылған Қазақстанның ұсынысына барлық ел құлақ түреді», – дейді сарапшылар. Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Әсел Назарбетова «Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастамалар БҰҰ қарарына кіруі тиіс», – дейді.

Әсел Назарбетова, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

– Қазақстан ұсынған интеграциялық ұйымдардың қазіргі күні жұмыс істеп жатқандарын көріп отырмыз. Қазақстанның бейбіт өмір сүру, диалог жасау арқылы барлық мәселелерді шешу ұстанымдары – барлық мемлекеттердің мән беретін мәселелері.

Хабар 24 телеарнасы