389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ұялы байланыс сапасы артады

  • 224
  • UPD: 15:16, 25.09.2019
Елордада ұялы байланыс сапасы артады

Елордада ұялы байланыс сапасы жақсарады.

Ол үшін қаланың 50 учаскесінде арнайы металл діңгектер қойылады. Яғни байланыс операторлары сол жерде өздерінің базалық станцияларын орналастырады. Нәтижесінде сигнал төмен 3 ауданда байланыс сапасы артады, дейді мамандар. Осы орайда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен қала әкімдігі арасында арнайы келісімге қол қойылды. Министр мен қала басшысы байланыс сапасын жақсарту жолында бірлесе жұмыс істеуге уағадаласты. Одан бөлек, «Смарт сити» технологиясын одан әрі жетілдіріп, басқа да тиімді жобаларды іске асыру жайын талқылады.

Дарын Тұяқов, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

– Бірінші министрлікпен ұялы байланыс нашар ұстайтын жерлерді анықтаймыз. Анықталған жерлерді әкімшілікке береміз. Әкімшілік өз жағынан сол жерлерде орналасқан биік ғимарат пен үйлерді анықтап, олардың төбесіне базалық станцияларды орнату жайын дайындайды.

Хабар 24 телеарнасы