389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан баламалы қуат көздерінен алынған энергияны шетелге сата алады

  • 207
  • UPD: 15:16, 25.09.2019
Қазақстан баламалы қуат көздерінен алынған энергияны шетелге сата алады

Қазақстан баламалы қуат көздерінен алынған энергияны шетелдерге сата алады.

Саладағы мамандар қазір осы бастаманы қызу талқылап жатыр. Оған толық негіз де бар, дейді. Яғни қазір елімізде өндірілетін электр қуатының 2 проценті осы жасыл технологияларға тиесілі. Алдағы жылы оның көлемі 3 процентке жетеді. Ал 2050 жылға қарай 50 процентке жуықтайды деген жоспар бар. Осы тұрғыда баламалы қуат көздерімен ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар басқа елдерге экспорттауға да мүмкіндік ашылады. Бұл жөнінде бүгін елордада өтіп жатқан халықаралық саммитте айтылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 300-ден аса маман өз ойларын ортаға салып, басқосу нәтижесінде ортақ резолюция қабылдамақ.

Елдос Абықанов, Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары:

– Біздің ойымызша, климаттық жағдайымызды ескере отырып, электр қуатын жоғарғы вольтты желілер арқылы шетелдерге де сатуға болады. Біз оны перспективті сала ретінде қарастыру керекпіз.

Хабар 24 телеарнасы