389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кедендегі ақпарат алмасу мерзімі қысқарды

  • 194
  • UPD: 15:15, 25.09.2019
Кедендегі ақпарат алмасу мерзімі қысқарды

Еліміздің кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы заң жобасы жаңа ережелермен толықты.

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Енгізілген нормаларға сәйкес, ТМД мемлекеттері арасында ақпарат алмасу орталық кеден органдарымен қатар, аумақтық кеден органдары арасында да тікелей жүзеге асырылады. Айта кетейік, Қазақстаннан ТМД мемлекеттерінің шекаралық мекемелеріне жылына мыңға жуық сауал жолданса, Қазақстанға мың жарымдай сауал түседі екен. Олардың дені шекарадан өту фактісін растау немесе кедендік декларацияларға қатысты. Ал заң жобасына енгізілген нормалар ақпарат алмасу жүйесін жеңілдетіп, сауалдарға жауап алу мерзімін қысқартуды көздейді.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрі:

– 1994 жылы қабылданған құжатқа сәйкес кедендегі ақпарат алмасу жүйесі тек орталық кедендік органдар арқылы жүргізілген. Бұл дегеніміз, егер аумақтық кеден органдарына бір мәлімет керек болса, олар алдымен өздерінің ортықтарына сауал жібереді. Орталық өзге елдегі дәл сондай мекемеге сауал жолдайды. Тізбек осылай жалғаса береді. Нәтижесінде бір сауалға жауап алуға 6-8 ай кетеді. Сондықтан жаңа келісімде кедендік бақылау жүйесіндегі сауалдарға жауап беру мерзімін 1 айға дейін қысқарту қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы