389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған психологиялық оңалту орталықтары жоқ

  • 167
  • UPD: 17:37, 25.09.2019
Елімізде ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған психологиялық оңалту орталықтары жоқ

Елімізде ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесетін әлеуметтік-психологиялық оңалту орталықтары жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатерлі аурудан емделгеннен кейін оларға 6 айдан 3 жылға дейін арнайы мамандардың көмегі қажет. Бұл туралы әлеуметтік-психологиялық оңалтуға қатысты. Елордада өтіп жатқан халықаралық конференцияда айтылды. Бүгінде Қазақстанда 4 мың бала осындай оңалтуға мұқтаж екен. Балғындар бауыр немесе бүйрегін алмастырғаннан кейін де жекелеген мамандардың жіті бақылауында болуы тиіс. Алайда, науқас бүлдіршіндер дәрігерлердің емдеуінен аса алмай отыр. Мамандар елімізде жылына шамамен 700 бала аты жаман ауруға шалдығатынын айтады.

Ләйла Түсіпбаева, Ана мен бала орталығы психологиялық-әлеуметтік сектор меңгерушісі

Осы аурулармен онкология және трансплантация өткен балаларға оңалту орталықтары жоқ. Мамандар да жоқ деп айтуға болады. Бізде және Алматы да ғана бар ғой балаларды емдейтін орталықтар, біз ол балалармен қарым-қатынасымызды үзбейміз. Көмек керек болса, өзіміз береміз сол көмекті.

Владислав Сотников, Оңалту бағдарламасының жетекшісі (Ресей):

- Ауыр дерттен емделген балаларға міндетті түрде психологиялық көмек қажет. Әлеуметтік оңалту өте маңызды. Себебі, бірнеше уақыт бойы стационарда жатқан баланың бірден ортаға бейімделіп кетуі қиынға соғады. Мысалы бізде осыдан 7-8 жыл бұрын әлеуметтік оңалту орталықтарының жұмысы бір жолға қойылған. Сондықтан науқас бүлдіршіндермен қалай жұмыс жүргізу қажеттігімен бөліскіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы