389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде енді шағын автобустар жолаушы тасымалдамайды

  • 129
  • UPD: 18:23, 25.09.2019
Семейде енді шағын автобустар жолаушы тасымалдамайды altaynews.kz

Жақында Семейде қала ішіндегі бағыттарда жүретін автобустар бағыттары өзгерістеріп, жаңадан кесте жасалған болатын.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов осы мәселеге орай бұрын жолаушы тасымалдау қызметін көрсеткен шағын автобустардың иелерімен кездесті, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Жаңа маршруттық желі енгізілгеннен кейін осынау шағын автобустар алынып тасталған болатын. «Таксомотор паркі» ЖШС-де өткен кездесуде қала басшысы Ермак Сәлімовпен бірге әкімдік бөлімдерінің басшылары, кәсіпкерлер жұмыссыз қалған жүргізушілерге өзге жұмыс түрлерін және қайта оқыту үлгілерін ұсынды.

Жұмыспен қамту орталығының басшысы Тұрсынбек Шинжин өз бағдарламалары бойынша жұмысшы мамандығын алу мүмкіндіктерін түсіндірді. Жүргізушілерге жаңа автобус паркіне жұмысқа тұру ұсынылды. Егер санат сәйкес келмесе, оларға көлік колледжінің базасында қайта оқуға мүмкіндік беріледі. Ал, Электротехникалық колледжде олар жұмысшы мамандығына оқи алады.

«Гордорстрой» ЖШС директоры Бауыржан Қайрамбаев алты шағын автобус сатып алуға дайын екендігін жеткізді. «Каполиграф» ЖШС және «Ибраев +К» Өндірістік Кооперативі үшін жұмысшыларды тасымалдауға қазіргі уақытта шағын автобустары бар жүргізушілер қажет екен.

Кездесу соңында әкім Ермак Сәлімов қалалық бағыттарда аса шағын автобустардың жүргізілмейтінін еске сала кетті. Себебі аса шағын автобустар жолаушылар тасымалы үшін мүлде қолайсыз.

Хабар 24 телеарнасы