389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының «Жыл адамы» атанған азамат прокурорға пара бергенін мойындады

  • 160
  • UPD: 21:42, 25.09.2019
Ақтөбе облысының «Жыл адамы» атанған азамат прокурорға пара бергенін мойындады

Облыстық психоневрологиялық интернат үйінің директоры құзырлы органның тексеру нәтижесіне ықпал етпек болған.

Бұл туралы айыпталушының өзі сот отырысында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қызының тойына деп жинаған бір жарым миллион теңгені пара ретінде ұсынған. №2 Ақтөбе қалалық сотында қаралып жатқан іс барысында айыпталушы заңға қайшы әрекеттерін толық мойындап, заңмен қарастырылған көлемдегі айыппұлды өтеуге дайын екендігін жеткізді.

Жәнібек Төребеков, облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:

- Сізді Пан Клавдия Владимировнаны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, параның 30 есе көлеміндегі айыппұл, яғни 45 миллион теңге айыппұл жазасын қолдануды өтінемін. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 55-бабы 3-бөлімін қолдана отырып, түпкілікті жаза ретінде параның 15 есе көлеміндегі, яғни 22 миллион 500 мың теңге айыппұл төлеу жазасын қолдануды өтінемін.

Хабар 24 телеарнасы