389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы кеңесте ұшқыш роботтар мәселесі қаралды

  • 219
  • UPD: 08:48, 26.09.2019

Алматыда Әуе кеңістігін пайдалану және әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ұлттық органдар басшыларының үйлестіру кеңесі өтті.

«Еуразия» үйлестіру кеңесіне таяу шетелдегі 8 елдің аэронавигациялық кәсіпорындары кіреді. Ұйымға биыл 20 жыл толып отыр. Осы жылғы төрағалық Қазақстанға өтті. Бүгінгі таңда әр елдің экипажы басқа елге барғанда өзін қауіпсіз сезіну үшін жаңа технологиялар енгізілуде. Қазақстан бұл салада біраз табысқа жеткен. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының Монреальда өтетін мерейтойлық Ассамблеясында біздің еліміз алғаш рет Авиақауіпсіздік сертификатын алуға үміткер атанып отыр. Бірақ мұнымен тоқтауға болмайды, дейді мамандар. Еуразия кеңістігіндегі елдер ұшқышсыз ұшатын құрылғыларға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Өйткені оның пайдасымен қатар зияны да бар екенін айтады сарапшылар. 

Игорь Моисеенко, РФ Әуе қозғалысы мемлекеттік корпорациясының бас директоры:

- Адамның ұшақты басқаруы бір басқа. Ол барлық үдерісті бақылап, тиісті шешім қабылдайды. Енді роботтар мен автоматтар қолданысқа еніп жатыр. Болашақта пилотты авиация мен ұшқышсыз авиация бір әуе кеңістігінде қалай жұмыс істейді? Осыны мұқият зерттеуіміз керек.

Қазақстандық мамандар әуежайлардың инфрақұрылымын жақсарту мәселесін көтерді. Қазіргі таңда Қазақстандағы әуежайлар тәулігіне 700 ұшаққа дейін қабылдайды. Саланы дамыту үшін бұл аздау. Бірақ алдағы уақытта жаңа өзгерістер болады, дейді мамандар.

Азат Бектұров, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры:

- Келесі жылы біз жаңа навигация жүйесіне көшеміз. Яғни компания өзіне тиімді бағытпен ұшады. Әлемдік тәжірибеде солай. Бұл жанармайды үнемдіп, ұшу уақытын қысқартады. Сол себепті экологияға да пайдасын тигізеді. Бірақ ұшу қауіпсіздігіне еш зияны болмайды.

Хабар 24 телеарнасы