389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында студенттердің үштен бір бөлігі шараларға қатысады

  • 162
  • UPD: 11:42, 26.09.2019

Түркістан облысында студенттердің үштен бір бөлігі ерікті ретінде түрлі іс-шараларға қатысады.

Өткен жылы өңір волонтерлері жалпы құны 15 миллион теңгені құрайтын ондаған жобаны жүзеге асыруға атсалысқан. Белсенді жастар ақысыз еңбек етіп жатқанда келесі жылы олардың шәкіртақысына 30 пайыз қосылатын болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында келер жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауды тапсырды.  Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінде үш еріктілер клубы жұмыс істейді. Әр топта шамамен 200-ден астам жас бар. Олардың қатысуынсыз қалада ешқандай іс-шаралар өтпейді.

Айдана Есіркеп, ерікті:

- Жастар орталығының ішінде өзіміздің штаб офисіміз бар. Волонтерлардың құқықтарын қорғау үшін жұмыс істеп жатырмыз қазір. Үлкен іс-шараларда полицейлердің көмегіне жүгініп, көмек сұраймыз. Біздің іс-шараларымыздың шығынын обылстық жастар орталығы көтеріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы