389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы форумда әдебиетіміздің жауһар туындыларын әлем тілдеріне аудару қаралды

  • 185
  • UPD: 11:48, 26.09.2019
Алматыдағы форумда әдебиетіміздің жауһар туындыларын әлем тілдеріне аудару қаралды

Алматыда өткен екінші халықаралық жазушылар форумында қазақ әдебиетінің жауһар туындыларын әлем тілдеріне аудару мәселесі кеңінен сөз болды.

Халықаралық жиынға Германия, АҚШ, Англия, Түркия, Морокко сынды 20-ға жуық елдің  жазушылары мен аудармашылары, әдеби сыншылары қатысты. Соңғы 28 жылда біздің жазушыларымыздың  шығармалары әлемдік деңгейде оқылмай келеді. Себебі,  үздік  туындыларымыздың аудармасы сапасыз дейді форумға қатысушылар. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй»  романы испан тіліне түсініксіз, өте нашар тәржімаланған. Бұл шығарма  ғаламтордағы арнайы бағдарлама арқылы тікелей аударылған болып шықты. Осындай жәйттарды болдырмау үшін авторлар мен аудармашылар бір-бірімен етене жақын болу керек. Жазушылар өзара пікір алмасып, туындыны жан-жақты талдау нәтижесінде ғана сапалы дүние өмірге келеді деген пікірде.

Бигелді Ғабдуллин, Жазушылар форумы ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

- Қазақ жазушыларының, аудармашыларының ішінде  шетел  тілін білетін жігіттер, қыздар бар. Бірақ,  жәй ғана тіл  білу ол аз. Талант болу керек. Талантты жазушыны басқа  тілге аудару үшін сен сондай талантты ақын болуың керек,  жазушы,  дарматург болуың керек. Сонда  ғана біздің жазушылар басқа мемлекеттің тілінде  ағылшын тілінде, неміс тілінде, араб тілінде сөйлеп кетеді.

Хабар 24 телеарнасы