389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы тұңғыш виртуалды электростанциясы 2020 жылы іске қосылады

  • 232
Қазақстандағы тұңғыш виртуалды электростанциясы 2020 жылы іске қосылады elorda.info

Жаңартылған энергия көздері саммиті аясында  әлемдегі ең ірі виртуалды электр станциясы операторлары «NEXT Kraftwerke GmbH» (Германия) және «Energy On Track» компаниялары арасында меморандумға қол қойылды.

Бұл туралы «Energy On Track»  компаниясының бас директоры Жәнібек Байдулла мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қазақстанда «Energy On Track» компаниясының аймақтық серіктесімен бірге «NEXT Kraftwerke»-нің сервистік өнімі ретінде «VPP as a service»  деп аталатын виртуалды электр станциясының элементін құру жоспарлануда.

Виртуалды электр станциясы – электр энергиясын көбейту, сондай-ақ нарықта саудалау немесе сату мақсатында жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) таратылған энергетикалық ресурстарының қуатын біріктіреді.

«Бұл технология жаңартылатын энергияның үлесі 10 пайыздан асатын елдерде қолданылады және дамыған жүйелердің көмегімен желіні теңдестіру қажеттілігі туындайды. АҚШ-та кеңінен қолданылып жүр. Цифрландыру саласындағы осы заманауи технологиялар  Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу мақсатына жету жолында үлкен септігін тигізеді», – деді Жәнібек Байдулла.

Қазақстан қазірдің өзінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жоспарларын жүзеге асыруда.

Осыған байланысты, жақын арада елге электр желілерін басқарудың жетілдірілген жүйесі қажеттігі туындауы мүмкін. Виртуалды электр станциясының технологиясын пайдалану электр желілерінің тиімділігі мен сенімділігін едәуір арттырады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйымдастыруымен жаңартылатын энергия көздері бойынша III халықаралық саммиті өтті.

Хабар 24 телеарнасы