389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Амазон өзенінің Боливия жағалауындағы өрт өршіп тұр

  • 206
  • UPD: 15:06, 26.09.2019
Амазон өзенінің Боливия жағалауындағы өрт өршіп тұр

Боливияда Амазон өзені аймағындағы орман өрті әлі жалғасуда. Соңғы екі айдың ішінде лаулаған жалын 2 миллион 100 мың гектардай жерді күлге айналдырды.

Сөйтіп, жыл басынан елде өртенген орман алқабының көлемі 4 миллион гектардан асты. Билік қазіргі орман өрті соңғы 20 жылдағы ең ірі өрт екенін айтады. Қазір оны сөндірумен 5 мыңнан астам маман айналысуда. Алайда күннің ыстық әрі желді болуы отты өшіруге көп кедергі келтіруде. Арнайы техниканың жоқтығы қолбайлау болып отыр екен.

Хабар 24 телеарнасы