389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түлкібас ауданында жыл соңына дейін 6 мәдени нысан жаңартылады

  • 239
  • UPD: 15:06, 26.09.2019
Түлкібас ауданында жыл соңына дейін 6 мәдени нысан жаңартылады

Түркістан облысы Түлкібас ауданында тозығы жеткен мәдени нысандарды жөндеу жұмыстары басталды.

«Аудандық бюджет есебінен Елтай, Жанұзақ, Көкбұлақ, Алғабас, Рұсқұл, Сарытөр ауылдық мәдениет үйлерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

100-ден аса адамға есептелген мәдениет ошақтарының аумақтары да толығымен қоршалып, абаттандырылмақ.

Ғимараттар биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Айта кетсек, бұл бастама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған.

Хабар 24 телеарнасы