389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жемқорлық туралы хабарлағандарға 1 млн теңгеден астам сыйақы берілді

  • 193
  • UPD: 16:29, 26.09.2019
Шымкентте жемқорлық туралы хабарлағандарға 1 млн теңгеден астам сыйақы берілді

Шымкентте сыбайлас жемқорлық туралы мәлімет бергендердің еңбегі ескерілді, деп хабарлайды Отырар.кз сайты

Олар қазіргі уақытта қомақты қаржымен марапатталған.

Дәлірегі, миллионды қаладағы бұл қылмысты ашуға көмектескен 7 адамға 1 миллион 153 мың теңге табыс етіліпті. Маңызды ақпартты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы мәлімдеді.

Асхат Жұмағалидың айтуынша, бүгінде пара алушылар мен оны берушілер турасында ақпарат бергендерге тиісті қаржы арнайы талап бойынша тағайындалып келеді. Алдымен ақпараттың дұрыстығы анықталады. Соңынан қылмыс расталып, заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда оларға тиесілі қаржы аударылып жатыр. Және әрбір тиын мен теңге арнайы жүйеге сәйкес АЕК көлемінде есептеледі. Олардың өзі мен өмірінің қауіпсіздігі де заңмен қорғалады.

Айта кетейік, жыл басынан бері республика бойынша сыбайлас жемқорыллық фактілері туралы тікелей CALL — орталық — 1414 бірыңғай нөміріне 7 адамнан ғана қоңырау түскен. Сондықтан, құзырлылар шымкенттіктерді жемқорлықпен жұмыла күресуге шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы