389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда алаяқтықпен айналысқан көп балалы ананың ісі сотқа жетті

  • 188
  • UPD: 17:20, 26.09.2019
Түркістанда алаяқтықпен айналысқан көп балалы ананың ісі сотқа жетті

Түркістанда көп балалы ана бұрынғы мемлекеттік қызметкермен ауыз жаласып, жұртты алдап соққан.

Оқиға өткен жылы болды. Желтоқсан айында қалалық полиция басқармасына бір топ жергілікті тұрғын арызданып келеді. Олар қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деп уәде берген әйелге сеніп, талап еткен қаржысын санап берген. Полицейлер арызды тіркеуге алып, қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс қозғайды. Дереу іске кіріскен тәртіп сақшылары жәбірленушілерге 10 миллион теңгеге жуық шығын келтірген әйелдің Түркістан қаласының жергілікті тұрғыны екендігін анықтайды. Ал тергеу барысында көп балалы ана мұндай қылмыстық істі бұрынғы мемлекеттік қызметкердің көмегімен жасағанын мойындады. Екі күдіктінің де осындай 70-ке жуық алаяқтық іске қатысы бары анықталды. 

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Осы алаяқтық қылмысқа байланысты күдікті ретінде бір азамат пен азаматша ұсталды. Күдіктілердің біреуі көп балалы ана, оның 8 баласы бар. Ең үлкені тұрмыста, ең кішісі 2 жаста. Ер азамат қамауға алынған, әйел адамның көп балалы ана болған соң сот үй қамағына алып отыр. Іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды.

Хабар 24 телеарнасы