389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда анестезиолог А.Тұңғышбаев тергеу изоляторынан босатылды

  • 198
Алматыда анестезиолог А.Тұңғышбаев тергеу изоляторынан босатылды

Алматыдағы №4 клиникалық аурухананың анестезиолог дәрігері Асқар Тұңғышбаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен тергеу изоляторынан босатылды.

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы №4 қалалық-клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог-дәрігер Асқар Тұңғышбаев екі ай мерзімге қамауға алынған болатын. Олар қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлімі, яғни медицина немесе фармацевтика қызметкерінің абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеті үшін күдікті ретінде ұсталған.

«Кеше кешкісін қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы алғашқы сот инстанциясы қаулысының күшін жойды. Тергеу изоляторынан екі күдікті де босатылды. Шешімді қайта қарау туралы ұсыныс Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінен түсті», – дейді қалалық сот өкілдері.

Диас Махамбетов, қалалық соттың баспасөз хатшысы:

– Тергеу сотының қаулысымен күдікті Асқар Тұңғышбаевқа қолданылған «күзетпен үстау» түріндегі бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және тиісті мінез құлық туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы