389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда латын графикасын тегін оқытатын курстар ашылды

  • 174
Көкшетауда латын графикасын тегін оқытатын курстар ашылды

Көкшетау тұрғындары латын әліпбиімен қазақша жазуға үйрене бастады.

Қалалық мәдениет бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, үш айлық курстан өтуге 1000-нан аса адам ниет білдірген. Оларға арналған оқу бағдарламасында теориялық және практикалық білім беру қарастырылған. Алғашқы сабақ ойын түрінде өткізілді. Қатысушылар 25 адамнан бірнеше топқа бөлініп, жаңа әріптермен, емле ережелермен танысты. Тегін оқыту курсының соңында тыңдаушыларға арнайы сертификат тапсырылады.

Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына негізделген әліпбиге көшу туралы жарлықты 2017 жылдың соңында шығарған болатын.

Салтанат Мағажанова, қалалық «Тілдерді оқыту орталығы» директорының орынбасары:

– Ен алдымен латын әліпбиін үйретуден бастаймыз. Ол ереже 9 тараудан, 107 параграфтан тұрады. Әр параграфқа жеке тоқталып, дұрыс жазылуын, айтылуын үйреткеннен кейін, тындаушылардың сауаттылығы жоғарылайды.

Хабар 24 телеарнасы