389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хусейин Бағжы: Қ.Тоқаев батыл бастамалары арқылы Қазақстанның бейбіт ел екендігін тағы бір дәлелдеді

  • 155
  • UPD: 20:39, 26.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев батыл бастамалары арқылы Қазақстанның бейбітшіл, мәмілегер және жаңашыл ел екендігін жаһан жұртына тағы бір рет дәлелдеді.

Таяу Шығыс университетінің профессоры Хусейин Бағжы осылай дейді. Ғалымның пайымынша, біздің Президенттің БҰҰ мінберінен жасаған мәлімдемесі жаһанның ядролық қару жарысына түскен елдеріне ой салады.

Хүсейин Бағжы, Таяу Шығыс университетінің профессоры:

– Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясында халықаралық және ішкі мәселелерге тоқталды. Соның ішінде, ғаламдық мәселелердің негізгі факторлары мен оның салдарын атап көрсетті. Туындаған проблемалар тек қана саяси әдіс-тәсілмен ғана шешілу қажет деп атады. Бұл – өте жөн пікір. Себебі диалогтан тыс әдістердің нәтижесі баршамызға аян. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті әлеуметтік мемлекетті құру заман талабы екенін жеткізе білді. Бұл да – дамыған ел қатарына жетелейтін бірінші фактор.

Хабар 24 телеарнасы