388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-өзбек шекарасындағы кептеліске не себеп

  • 186
  • UPD: 19:27, 26.09.2019
Қазақ-өзбек шекарасындағы кептеліске не себеп

Қазақ-өзбек шекарасында жүк көліктері сағаттап кезек күтіп тұр.

Өңірдегі Жібек жолы, Қапланбек және Қазығұрт кеден бекеттерінде бір аптадан бергі жағдай осы. Кеденшілердің айтуынша, бұған өзбек шекарашылары кінәлі. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, 20 қыркүйекте Жібек жолы бекетінде жүргізілген арнайы операция кезінде біздің елдің қауіпсіздік күштері ірі көлемдегі есірткі тасымалдаушыны қолға түсірген. Тәжікстан азаматы өз көлігімен 12 келі героинді Ресейге алып өтпек болған екен. Осы күдіктіні өткізіп алған өзбек шекарашылары енді әр көлікті жіті тексеруге кіріскен. Сөйтіп тексеру уақыты ұзарған. Мұны жүргізушілер де видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялап жатыр.

Баян Тұлғабаева, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы:

– Жұмадан бастап, Өзбекстан әр көлікті бір сағаттан аса тексеріп жатыр. Соның салдары Қазақстан аумағындағы кеден бекеттеріне әсер етіп жатыр. Кешегі мәлімет бойынша Жібек жолы бекетінде 70-ке жуық көлік тұрған.

Хабар 24 телеарнасы