389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да АӘК алу үшін 2536 отбасы табысын жасырған

  • 161
  • UPD: 19:33, 26.09.2019
БҚО-да АӘК алу үшін 2536 отбасы табысын жасырған

Жаңа технология жеке адамдардың да, үкіметтің де қолын ұзартты.

Батыс Қазақстан облысында «E-Halyк» ақпараттық жүйесі арқылы 3046 отбасы тексерілсе, соның 2,5 мыңының айлық табысы күнкөріс шегінен жоғары болып шыққан. Тіпті жергілікті жеке кәсіпкердің бірі былтырғы жылдық табысы 6 миллион 900 мың теңге бола тұра, онысын жасырып қалмақ болған. Ал осы жылдың алғашқы алты айында ол 3 млн теңге кіріс көрген. Жалпы облыс бойынша осындай 700 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылды. 1897 отбасыға қайта есептеу жүргізілген. Сәуір айынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына сәйкес мұнда 12 мың 29 отбасыға, яғни 60783 адамға жәрдемақы тағайындалған екен. Осы мақсатқа қазынадан 3 миллиард теңге бөлінген. Алайда қаржылай көмек алу үшін жоғарыда айтқанымыздай, бірқатар азамат табысын жасырып, айлаға барған. 

Ділда Исқақова, облыстық жұмыспен қамту және ӘБ басқармасы басшысының орынбасары:

– Көп жағдайда жеке шаруашылықтар заң бойынша жылына екі рет декларация тапсырады. Тағайындаған кезде базадан көрінген жоқ. Себебі олар сол кезде декларация тапсырған жоқ.. Сондықтан бүгін тоқтатылып, кері қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы