389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Жетісу хаб» IT-орталығы ашылды

  • 158
Талдықорғанда «Жетісу хаб» IT-орталығы ашылды

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл жоба стартап жобаларды қолдауды көздейді.

Жаңа орталық веб-бағдарламалар мен роботты техника және 3D моделдеуге оқытады. Коворкинг, бизнес инкубаторлар ұйымдастырады. Танымал IT компаниялар өкілдерінің қатысуымен шеберлік сағаттарын өткізеді. Оларға Нұр-Сұлтандағы ЭКСПО қалашығында орналасқан «Астана хаб» IT-орталығы стартаптардың халықаралық технопаркі» жан-жақты қолдау көрсететін болады. Талдықорғанда өткен шара барысында өзара ынтымақтастық жөніндегі арнайы меморандумға қол қойылды. Ал «Астана хабтың» мүшелеріне бірқатар салықтық жеңілдік жасалатынын да айта кеткен жөн.

Марлен Сихаев, «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының басқарушы директоры:

– Заңды түрде салықтық жеңілдіктер ала алады. Ол қазіргі таңдағы ең үлкен салықтың түрлері дейді. Ең үлкен қолдау IT саласында «Астана хабтың» тұрақты мүшелеріне ғана беріліп отыр. Бұл деген мемлекет тарапынан үлкен қолдау деп түсінеміз.

Хабар 24 телеарнасы