389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қамауға алынған бас дәрігердің жұбайы брифинг өткізді

  • 231
  • UPD: 21:37, 26.09.2019
Алматыда қамауға алынған бас дәрігердің жұбайы брифинг өткізді

Алматыдағы №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың зайыбы бүгін журналистермен кездесіп, брифинг өткізді.

Дина Тезекбаеваның айтуынша, оның күйеуін жұма күні түстен кейін Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментіне жауап алуға шақырып, қайта босатпаған. Бастапқыда, 72 сағат қамауға алынған бас дәрігер 22 қыркүйек күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен екі ай мерзімге қамалған. Осы аурухананың анестезиолог-дәрігері Асқар Тұңғышбаев та осындай мерзімге тұтқындалған. Оларға медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті деңгейде орындамады деген айып тағылған. Бұл айыптаумен келіспеген дәрігер Қанат Тезекбаевтың зайыбы ел Президентіне ашық хат жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та ресми сапарда жүргенімен, Президент әкімшілігі мен Денсаулық сақтау министрлігі және Алматы қаласының әкіміне істің мән-жайын анықтап, бақылауға алуды тапсырған еді. Кеше кешкісін бас дәрігер Қанат Тезекбаев пен анестезиолог-дәрігер Асқар Тұңғышбаев ел аймағынан ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Дина Тезекбаева, Қ.Тезекбаевтың зайыбы:

– Әрине, біз әділдікті заң аясында жүзеге асырғымыз келеді. Біздің қорғаушымыз бар. Бұл істің таза, әділ өтуін қалаймыз. Мемлекет басшысына ашық хат жариялауымның да себебі осы. Бастапқыда бұл біздің отбасымыздың қиындығы деп ойладым. Бірақ бір сағаттан кейін-ақ бұл мәселе қоғамның назарын аударды. Бізді қолдаған медицина қауымдастығына, халыққа рақмет айтамын. Президентіміздің көңіл аударуынан кейін енді бұл іс әділ шешіледі деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы